9-сынып оқушысы АК-74 автоматын небәрі 8 секундта бөлшектеп, 9 секундта құрастырды. Бұл рекордық көрсеткіш.


Нәтиже полиция департаментінде өткен автоматты бөлшектеу және құрастыру сайысында тіркелді. Талабы мен таланты қабысқан Гүлсезім Есей аталған сайыста шапшаңдық танытып, қарсыластарын басып озған. Бұл үшін ол ұзақ уақыт дайындалып, арнайы мамандардан дәріс алған.