Шымкентте қыз-келіншектер арасында құранды жатқа оқудан жарыс өтіп жатыр. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төртінші рет ұйымдастырып отырған байқауына ел аймақтарынан іріктелген 68 қари қатысуда. Іс-шараға еліміздің бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы қатысып, сайыскерлерге сәттілік тіледі.
Құран оқудан жарыс Сейтжан қари мешітінде өтіп жатыр. Қатысушылар өз өңірлеріндегі іріктеу сайысынан сүрінбей өткен жандар. Солардың бірі – Айша Жарас. Ол Жамбыл облысы, Меркі ауданынан келген ең жас қари. Байқауда 5 пара оқымақ.
АЙША ЖАРАС, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ /ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ/
Жарыс барысы жақсы өтіп жатыр. Бұл жылы сайскерлер өте көп болды. Сол себепті кішкене қобалжу болды әрине. Бірақ былай бұл жарысты ұйымдастырған кісілерге Алла разы болсын! Өте үлкен маңызды іс-шара болды және өзім құранымды ары қарай жетілдіріп жаттауға тырыстым. Соған рахмет.
Байқауға қатысушыларға қойылған талап бар. Үміткер Қазақстан азаматы және жасы 30-дан аспаған болу керек. Әр қари бір бағытта ғана қатыса алады. Екі күнге жалғасатын байқауда олар 4 номинация бойынша жарысады. Олар 5, 10, 20 және 30 параны жатқа оқулары керек.
НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ, БАС МҮФТИ
Құран өткізудегі біздің мақсатымыз Алланың қасиетті кәрәм шәрифі құранды кеңінен насихаттау. Сондай-ақ құран жаттап жүрген біздің қыздарымызды қолдап, оларға көмектесіп олардың қолдан келгенше құранға деген махаббатының артуына себепші болу. Бізідің әр бір осындай жарыстарымызда жамағаттарымыз мұсылман бауырларымыз қолдап отырады. Солардық қолдауымн өтіп жатыр. Алла қаласа ертең біз осы жарысытың қорытындысын өткіземіз Алла нәсіп етсе бірге қатысамыз деп ойлаймын.
Байқаудың жүлде қоры 11 млн 800 мың теңге. Құранды жатқа оқып бірінші орын алған қари 2 млн теңгені қанжығаға байлайды. Қалғандарына номинация 400 мың теңгемен 1 млн 700 мың теңге аралығында қаржылай сыйақы беріледі. Екі күнге жоспарланған байқаудың қорытындысы ертең белгілі болады.