Шымкентте тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында су жеткізу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, магистралдық және ішкі каналдар арқылы су жіберілуде. Бұл шаһардың микроклиматын жақсартуға оң ықпал етпек.
Қазіргі таңда Бадам магистралдық каналы арқылы қалаға су жеткізіліп жатыр. Аймауытов, Ғани Илияев, Адырбеков, Тәукехан даңғылы, Қазыбек би, Дулати, Байтұрсынов, Желтоқсан және Темірлан тасжолының бойымен су лотоктар арқылы берілуде. Жаңа ішек каналы арқылы мамыр айынан бастап су жіберу басталды. Қазіргі таңда бұл жүйе арқылы тұрғындарға қолайлы микроклимат қалыптасты.
Сондай-ақ «Шымкент» каналы арқылы да қалаға су жеткізу жұмыстары жоспарланып отыр. Алдағы уақытта іске қосылады. Жалпы бұл жүйені жетілдіру мегаполистің экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды қадам боп саналады.