Биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу елімізде 16 мамырда басталып, 5 шілдеге дейін жалғасады. Бұл туралы Білім басқармасының Жалпы орта білім беру орталығы басшысының міндетін уақытша атқарушы Ақжарқын Тұрсынова мәлімдеді. ҰБТ талапкерлер үшін ерекше мүмкіндіктер ұсынуда.


2025 жылы талапкерлерге ҰБТ тапсыру үшін барлығы 5 мүмкіндік қарастырылған. Қаңтар және сәуір айларында өткен алғашқы екі кезең ақылы түрде ұйымдастырылды. Бұл кезеңдерден өткен түлектер тек ақылы оқу орындарына түсе алады. 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өтетін негізгі кезеңде талапкерлерге мемлекеттік грантқа үміткер болу үшін 2 ақысыз мүмкіндік беріледі. Бұл еліміздің түлектері үшін жоғары білімге жетудің басты қадамы. Ал тамыз айында қосымша мүмкіндік беріледі. 10-20 тамыз аралығындағы бұл сынақ ҰБТ-дан сәтсіз өткен немесе ақылы оқуға түсе алмаған талапкерлер үшін тағы бір жол ашады.


 АҚЖАРҚЫН ТҰРСЫНОВА, БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ БАСШЫСЫНЫҢ М. У.А

Биыл 11-сыныпты 15 мыңнан астам түлек аяқтап жатыр. Олардың 11 мыңнан астамы ҰБТ тапсыруға ниет білдірді. Бұл жастардың білімге деген ынтасының жоғары екенін көрсетеді.