Өңірде тағы бір маңызды әлеуметтік нысан ашылды. Отбасылық саясатты жүйелі түрде жүзеге асыру мақсатында «Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» жанынан «Отбасын қолдау орталығы» өз жұмысын бастады.
Бұл орталық — қиын жағдайға тап болған отбасыларға нақты көмек көрсетіп, жанжалдарды шешуге көмектесетін мекен. Мұнда тұрғындарға әлеуметтік, құқықтық және психологиялық қолдау тегін ұсынылады. «Бұл орталық қызмет көрсету орны ғана емес, үміт пен сенімнің мекені. Қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылық осындай қамқорлықтан басталады», - дейді аудан әкімі.
АЗИЗХАН ИСМАИЛОВ, ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Ол жерде жаңағыдай кеңес береміз көмек береміз соның барлығы осы жерде қарастырылған. Сондықтан бұл өте керек деп санаймыз. Сондықтан, ел үшін жұмыс жасайды деген ойдамыз
Мұнда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған адамдарға бір айға дейінгі мерзімде уақытша баспана беріледі. Осы кезеңде оларға құжаттарын рәсімдеуге көмектесіліп, тегін тамақтану және жатын орындармен қамтамасыз етіледі. Мамадардың айтуынша, бұл орталық уақытша паналау орны ғана емес, жаңа өмірге бастар жолдың бастауы іспетті.
АЛПАМЫС ҚАЛБОТАЕВ, ОТБАСЫН ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Біздің орталық жалпы зорлық-зомбылық көрген адамдарға 1 а»ға дейін көмек көрсетеді. Оның ішіінде психологиялық көмек те көрсетіледі. Және біздің орталық тұрмыстық зорлық-зомбылық негізінде қызмет атқарады. Түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.
Іс-шараның салтанатты ашылу рәсімінде аудан әкімі бастаған зиялы қауым өкілдері жаңа нысанды аралап, оның жұмыс жағдайымен танысты. Асхана мен жатын бөлмелерді қарап шыққан меймандар орталықтың жағдайына оң бағасын берді. Бұл кешен – қоғамның адам тағдырына бей-жай қарамайтынын айқын көрсететін жарқын бастама болатынына сеніміміз мол.