Қырғыз Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы ынтымақтастықтың жарқын көрінісі – Қырғызстанның Шымкент қаласындағы Құрметті консулдығы ресми түрде өз жұмысын бастады. Бұл – бауырлас елдер арасындағы достықты, мәдени, экономикалық және гуманитарлық байланыстарды нығайтудың жаңа кезеңі.
Оның басты мақсаты – екі ел азаматтары арасындағы қатынасты жандандырып, өзара қолдауға негізделген жаңа жобаларға жол ашу. Іс-шараға қос елдің мемлекеттік органдары, дипломатиялық өкілдер мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Бұл жай ғана ресми рәсім емес. Жаңа мүмкіндіктердің, сенімді серіктестіктің бастауы. Консулдықтың негізгі миссиясы – Қазақстанда тұратын және жұмыс істейтін Қырғыз азаматтарына қолдау көрсету, мәдени, экономикалық және әлеуметтік байланысты нығайту.
ЖЕНИШБЕК АСАНКУЛОВ, ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЛМАТЫДАҒЫ БАС КОНСУЛЫ
Осы уақытқа дейін Қырғызтан мен Қазақстан арасында сауда инвестициясынан бастап, білім, туризм және мәдениет саласында 200-ге жуық келіссөздер жүргіздік. Қос мемлекет арасында қарым қатынас тек дипломатиямен шектелмейді. Ол – халық арасындағы достықта, күнделікті өмірде, әрбір азаматтың өзара түсіністігі мен құрметінде жалғасады. Мұндай берік байланыс әрі қарай да жалғасын табады деп сенеміз.