Былтыр жергілікті бюджеттің басым бөлігі білім саласына бөлінген. Бағытталған 314 млрд теңге шаһар қазынасының 40 пайызын құраған.


 Сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бағытына 148 млрд, көлiк және коммуникация саласына 92,6 млрд, әлеуметтiк көмекке 37 млрд, мәдениет, спорт және туризмге 33 млрд, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік салаларына 31 млрд, ауыл шаруашылығына 27 және басқа да салаға 82 млрд теңге бөлінген. Бұл қатарда бюджеттен ең аз қаржы алған бағыт – денсаулық сақтау саласы. Оған өткен жылы 15,6 млрд бекітілген.


 РУСЛАН БАҚТЫБАЕВ, ҚАРЖЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

 – «Құрылымына сәйкес, бюджеттің 75%-зы, яғни 584 млрд.теңге (РБ – 8,8 млрд.теңге) ағымдағы шығыстарға, ал 25%-зы немесе 196 млрд.теңге (РБ - 85 млрд.теңге) даму бюджетіне бағытталды» 


2024 ЖЫЛҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТІҢ САЛАЛАРҒА БӨЛІНГЕНДЕГІ ҮЛЕСІ:

- Білім саласы – 40% (314 млрд.тг)

- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 19% (148 млрд.тг)

- Көлiк және коммуникация – 12% (92,6 млрд.тг)

- Әлеуметтiк көмек - 5% (37 млрд.тг)

- Мәдениет, спорт, туризм – 4,2% (33 млрд.тг)

- Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік –4% (31 млрд.тг)

- Ауыл шаруашылығы – 3,5% (27 млрд.тг)

- Денсаулық сақтау – 2% (15,6 млрд.тг)

- Басқа да салаларға – 10,3% (82 млрд.тг)