Шымкенттік полицейлер оқушылармен ерекше кездесу өткізді. Балаларды қорғау күніне орай тәртіп сақшылары №132 жалпы орта білім беретін мектеп мекемесіне арнайы барып, жас өренге қауіпсіздік қағидаттарын түсіндірді.
Жолда жүру ережелерін жіті баяндап, қоғамдық тәртіп үлгісін ұғындырды. Өз кезегінде шәкірттер де тәртіп сақшыларына көкейтесті сауалдарын жолдап, қос тарап ортасында диалог жүрді. Оқушылар теориялық түсіндірмелерді практикалық негізге жалғап, патрульдік полицей рөлін сомдады. Ол үшін жас өрен мектеп ауласына білім ордасынан үйге дейінгі қауіпсіз бағытты бейнелеп, жол қауіпсіздігін еске түсірді.