Бүгін Түркістан шаһарында ақпараттық қауіпсіздік пен кибермәдениетті дамытуға арналған форум басталды. «Түркістандағы қауіпсіздік оазисі» басқосуында әр өңірден 80-ге жуық сала маманы қатысып, тәжірибе алмасты. Кибер құрылтай – жаһандық цифрлық сын-қатерлер жағдайында елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған қауіпсіз цифрлық экожүйені қалыптастыру жолындағы маңызды іс-шара, -дейді мамандар.
Форумды Түркістан облысы əкімі аппаратының басшысы Еркебұлан Дауылбаев ашып, қатысушылардың жұмысына сәттілік тіледі.
ЕРКЕБҰЛАН ДАУЫЛБАЕВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Ақпараттық қауіпсіздік біздің басты назарымызда. Облы бойынша желіаралық экрандар, антивирустық бағдарламалар, серверлік қауіпсіздік жүйелері енгізілген. «Cyber Quryltai» – Түркістан облысының цифрлық және киберқауіпсіздік саласындағы жаңа бетбұрысының бастауы. Бүгінгі форумда ұсынылатын идеялар мен бастамалар өңіріміздің қауіпсіз әрі технологиялық болашағын айқындауға септігін тигізеді деп сенемін
Түркістан - қауіпсіздік пен цифрлық дамудың жаңа орталығы. Қалада бүгінде инновация мен қауіпсіздік қатар дамып отырған өңірлік хабқа айналып келеді. Оған цифрландыру, кадр даярлау, халықаралық серіктестік, инфрақұрылымдық және технологиялық жобалар қатар іске асуы дәлел. Қазірде облыстағы Turkistan Hub – өңірлік ІТ стартаптарды қолдап ғана қоймай, цифрлық кәсіпкерлікті дамытатын орталық ретінде жұмыс істеп тұр. Мұнда жастар мен стартаперлерге арналған акселерациялық бағдарламалар, IT мамандарын оқыту курстары жүргізіледі екен.
ВАЛЕРИЙ ЗУБАНОВ, «ЛАБОРАТОРИЯ КАСПЕРСКОГО» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН, ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЖӘНЕ МОҢҒОЛИЯДАҒЫ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ
Қазір цифрландыру жүйесі күн санап қарыштап дамып келеді. Халық ақпаратты тез, жеңіл, әрі оңай ала алатындай жағдай жасалған. Ал,бізге жедел жетіп жатқан мүмкіндіктердің барлығы, цифрландырудың өсуі осы цифрлық электрондық процестердің барлығы қорғалатындай ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін құру қажеттілігін білдіреді.
Іс-шара «Қазақстандағы цифрландыру мен киберқауіпсіздікті дамытудағы инновациялық тәсілдер» тақырыбындағы панельдік сессиямен жалғасты. Онда ақпараттық қауіпсіздік саласының өкілдері құнды мағлұматтардан құлағдар етті.