Шымкент қаласында ҚР Мәдениет және Ақпарат министрлігінің бастамасымен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында спорттық жарыс өтті. Мұны ұйымдастыруға «Оңтүстік» телеарнасы ұйытқы болып, белсене атсалысты. Жеңген командалар Астана қаласында өтетін республикалық спартакиадаға жолдама алды.


ӘСЕЛ ЕРБОЛҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Бүгін БАҚ өкілдері сынға түсіп жатыр. Бұл жолы ақпарат тартудан емес, спорттан. Камера мен микрафонды бір сәтке ысырып қойып, спорттық алаңда бақ сынады. Бұл жолы рейтинг емес, нәтиже маңызды. Бәсеке қыза түсуде. Ал жеңіс тек ептіге бұйырады.


Додада 4 өңірден 7 команда қатысты. Олар шағын футбол, воллейбол, қол күрес, үстел теннисі, тоғызқұмалақ және шахматтан бақ сынасты. Ақпарат майданында емес, спорттық аренада күш сынасуға келген кіл мықтының ішінен шын мықтыны анықтау оңайға түспегені анық.


ҚАЗБЕК НҰРБОЛАТҰЛЫ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУДЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ІС-ШАРАЛАРДЫ ӨТКІЗУ ДИРЕКЦИЯСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

 Бүгін бізде Шымкент қаламызда Мәдениет және ақпарат министрлігінің бақ өкілдері арасында спартакиада өтуде. Бұл Республикалық спартакиадаға іріктеу болып табылады. Яғни Шымкент қаламызда 80-ге жуық 7 команда қатысты.


Бұл сайыста тек күш емес, тапқырлық, командалық рух пен төзімділік сынға түсті. Іс-шараның мақсаты – дене шынықтыру мен спортты дамыту арқылы, салауатты өмір салтын насихаттау. Әріптестікті арттырып, достықты нығайтқаны қуантты.


НҰРБЕК ШЫНТЕМІРҰЛЫ, QYZYLORDA ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Біз Қызылорда телеарнасы, Қызылорда облысынан келіп тұрмыз.  Енді біз жалпы жарыстың жеті түрі болса соның бірнеше түріне алып келдік. Командалық сайстарымыз бар. Жекелей сайыстарымыз бар. Соған тас түсін дайын боп келдік. 


ГҮЛБАРШЫН ҚАЙРАТҚЫЗЫ, JAMBYL ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

 Бұл БАҚ-тың ішінде өтіп жатқаннан кейін, біз үнемі қаламмен қағазбен эфирдің алдында жұмыс істейміз. Бірақ, салауатты өмір салты да қажет. Сондықтан, бүгін енді қолкүрестен, фудболдан, воллейболдан,үстел теннисінен команда алып келіп отырмыз. Барлық командаларға сәттілік тілеймін 


 Әр топ сен тұр мен атайын деген шын мықтылардан құралған. Воллейбол мен футболдан «Жамбыл тв» командасы 1 орынды қанжығасына байласа, Шахматтан «Әзірет сұлтан» музейінен келген дарындар көш бастады. Үстел теннисін қызылордалық әріптестер еншіледі. «Оңтүстік» телеарнасының тарландары да жүлдесіз қайтпады. Тоғызқұмалақтан ұлдар және қыздар арасында жеңімпаз атанды.


НҰРКЕН ЖАЛБИЕВ, OŃTÚSTIK ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ТЕЛЕОПЕРАТОРЫ

 Бас жүлдеге жолдама болды. Бұл ең соңғы ойын өте қиын болды.Бар жоғы 2 тас айырмасымен ғана ұттым.  Біз енді ұзақ уақыт дайындалған жоқпыз, бірақ 1 орын алып жеңіс тұғырынан көріндік. 


 Командалық ойындар тартысты өтіп, жанкүйерлер қиқу салып, шаршы алаңда жеңіс үшін арпалысқан спортшыларға қолдау көрсетті. Енді топ жарғандар Астана қаласында өтетін Республикалық спартакиадада сынға түседі.