Шымкентте әскери міндеттілер 10 күн бойы арнайы тактикалық оқу-жаттығуға қатысты. «Ақтас» полигонында қорытындыланған жиынға 118 әскери қызметші қатысып, тактикалық іс-қимылдарын тағы бір пысықтап алды. Жаттығу қорғаныс министрлігінің жоспарына сәйкес өтті.


Тактикалық оқу-жаттығуға әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі қызметте жүрген әскери міндеттілер шақыртылған. Солардың қатарында Рүстем Мамыров бар. Ол 10 күн бойы жаттығуға қатысып, әскери техника мен қарудан атудың қыр-сырын меңгеріп алған.


 РҮСТЕМ МАМЫРОВ, ҚАТАРДАҒЫ ЖАУЫНГЕР

10 күндік әскери жаттығулардан өтіп, дене даярлығы, спорт даярлығы және барлық даярлықта өзімді шыңдап, өзіме қажетті мәліметтерді алдым өзіме қажетті материалдармен таныстым. автоматтар бұрын қолданбағаннан кейін бізге қиындық тудырды. Бірақ әскери жетекшілердің және командирлердің арқасында жеңіл түрде оңай меңгеріп дайынбыз деп ойлаймыз.


 Оқу-жаттығу жиындарының мақсаты – әскери резервті жинақтап, мамандардың білімін жетілдіру, әскери міндеттілердің далалық білімін және олардың іс-қимылдарының үйлесімділігін арттыру. «Ақтас» полигонында оқу-әскери жиынның қорытынды кезеңінде запастағы әскери қызметшілер тосқауыл бекетінде қызмет атқарды. Қарауылдық қызмет және қарсыласқа тосқауыл қою сияқты практикалық жаттығуларды орындады. Сондай-ақ 18 пәннен теориялық сабақтар өтті.


 БАҚЫТЖАН АШИМОВ, №50120 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ КОМАНДИРІ, ПОЛКОВНИК

 Әскери міндеттілер 10 күндік жауынгерлік программасын өтіп взводтардың жауынгерлік атысына шығып отыр. Осының нәтижесінде жеке құрамға және командирлер құрамына баға қойылатын болады. Бүгінгі жиналысқа осы әскери міндеттілердің 118 взовд жұмылдырылған. Оның 8-і офицерлер құрамы. Бұл күнде әскери міндеттілер жауынгерлік бағдарламасын толық меңгерді. Қазір олардың тактикалық іс-қимылдарын бағалайтын боламыз.


10 күндік оқу-жаттығу кезінде сарбаздар мен сардарлар арнайы киіммен, тамақпен және жалақымен қамтылды. Айта кетейік, жиынға шақырылғандардың барлығы мерзімді әскери қызмет атқарған азаматтар.