Су үнемдеу технологияларын енгізу су шығынын азайтып, өнімділікті арттыруға, суармалы жерлерді ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес облыста атқарылып жатқан жұмыс қарқыны жоғары. Аталған мәселе Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте жан-жақты талқыланды. 2030 жылға қарай өңірде су үнемдеу технологияларын 216,3 мың гектарға енгізу жоспарланған.


 Биыл Түркістанда 27 мың гектар алқапқа су үнемдеу технологияларын енгізу жоспарланған еді. Бірақ көлем екі есе артып отыр.


Шетелдік инвестордың атсалысуымен жаңа технология 32 мың гектарға ендірілді. Трансшекаралық суға тәуелділікті төмендету мақсатында тағы оңтүстік бөліктен 24 мың гектар жер қолға алынбақ. Жоғары рентабельді дақылдар өндірісіне көшу, импортты алмастыру және суармалы алқаптар алаңын біртіңдеп арттыру міндеттерін орындауға мүмкіндік береді.


Заманауи ылғал үнемдеу технологияларын қолдану шаруалардың шығынын азайтады. 50 пайызы республикалық, 30 пайызы жергілікті бюджеттен субсидияланады.

СПИКЕР: ФАЙЗУЛЛА БАЙДУЛЛАЕВ, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

КСМ: Жобалар толық іске асқан жағдайда «Боралдай» су қоймасы, Түркістан қаласы мен Ордабасы, Бәйдібек, Отырар, Сауран аудандарындағы 67 мың га жерді кепілді ағын сумен қамтуға мүмкіндік туады. Оның ішінде Отырар және Сауран аудандарында жаңадан 6000 гектар, Ордабасы ауданы Қажымұқан ауылдық округінде 630 гектар суармалы егістік алқаптары қосылады.