Шымкент қаласында бала тәрбиесіне қатысты өзекті мәселелерді талқылауға арналған қалалық ата-аналар жиналысы өтті. Оған білім беру ұйымдарының басшылары, ата-аналар комитеті мүшелері, құқық қорғау органдарының өкілдері, психологтар және білім саласының мамандары қатысты. Іс-шараға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек төрағалық етті.
АЙГЕРІМ ДӘУЛЕТБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ
Басқосуда Білім саласының мамандары бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлін күшейту және мектеп пен ата-ана арасындағы өзара байланысты нығайту қажеттілігін атап өтті. Жасөспірімдердің білім алуына жағдай жасаумен қатар, олардың эмоционалдық дамуына қолдау көрсету маңызды. Бұл ретте ата-аналардың тәрбие жұмысына белсене қатысуы басты назарда болуы тиіс деген пікір айтылды.
АЙГЕРІМ ДӘУЛЕТБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ
Құқық қорғау саласының өкілдері жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар мен оның алдын алу шараларына тоқталды. Олар құқықбұзушылықтың негізгі себептерін талдап, жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастырудың маңыздылығын айтты. Сонымен қатар, жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударудың қажеттілігі сөз болды.
АЙГЕРІМ ДӘУЛЕТБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ
Құқық қорғау органдарының өкілдері соңғы қоңырау шарасы кезінде күшейтілген тәртіпте жұмыс істейтіндерін мәлімдеді. Жиында түлектерге қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі ескертіліп, ата-аналар мен мұғалімдерге балаларды бақылауда ұстаудың маңыздылығы түсіндірілді. Мамандар мерекелік күн тәртібін қадағалап, құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша кешенді шаралар жүргізілетінін атап өтті.
АЙГЕРІМ ДӘУЛЕТБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ
Айта кетейік, соңғы төрт айда кәмелетке толмағандар арасында 15 өзіне-өзі қол жұмсау оқиғасы тіркелді, оның үшеуі қайғылы аяқталған. Мамандар мұның негізгі себебі отбасындағы қақтығыстар екенін айтады.
АЙГЕРІМ ДӘУЛЕТБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ
Жиналыс барысында айтылған ұсыныстар мен пікірлер балалардың құқықтарын қорғау және тәрбиелік мәдениетті нығайту бағытында нақты шешімдер қабылдауға негіз болды. Бұл іс-шара ата-аналар мен қоғамның өзара ынтымақтастығын арттыруға серпін берді.