Мәдениет және өнер қызметкерлерінің мерекесі Түркістан қаласында да тойланды. Ұлы дала музейінде мәдениет қызметкерлеріне арналған іс-шара ұйымдастырылып, сала мамандарын марапаттады.


Мәдениет күні – қалам сертін қалтқысыз атқарып жүрген ақын-жазушының, өнер мен тарихты ұштастырған театр өкілдерінің және осы салада еңбек етіп жүрген мамандардың кәсіби мерекесі. Бұл күн Түркістан қаласында да ерекше көрініс тапты.


ҚАДІРБОЛАТ МҰҚАҒАЛИЕВ, МӘДЕНИЕТ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Бүгін енді сол тараптан мәдениет қызметкерлеріне ерекше көңіл бөлейік деп еңбектеріне алғысымызды айтайық деген ақсат аұлы дала музейінде іс-шара ұйымдастырғалы тұр. Ардагерлерге де құрметімізді көрсетеміз.Мерекелік іс-шара ұйымдастырсақ па деген ниетіміз бар. 


Бұл іс-шара - халқымыздың мәдени мұрасының дамуына үлес қосып келе жатқан азаматтарды жұдырықтай жұмылдырды. Жиында Халық театры «Қырсық келін» драмалық пьессасын сахналап қана қоймай, жүрек тебірентер әндер орындалды. Би биленіп, күй шертілді. Одан бөлек, мәдениет майталмандары қала әкімінің атынан алғыс хатымен марапатталды.


ҰЛЖАЛҒАС МҰСТАФАЕВА, «ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ

 Бүгін Түркістанда той. Дүбірлі той. Ол мәдениет қызметкерлерінің тойы. Біздің қазақ елінде мәдениет қызметкерлерінің еңбектері өте орасан.Түркістанда айтып жеткізу мүмкін емес. Олар инеменг құдық қазғандай күнделікті елге қызмет етіп жүретін мәдениет қызметкерлері сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймын.


 Айта кетейік, елімізде 8 мыңға жуық мәдениет ошағы бар. Театр, музей, кітапхана, концерттік ұйымдар, шағын өнер ордаларында 64 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді.