24 мамырдан бастап баспанаға мұқтаж азаматтарды есепке алу және бөлу ісі әкімдіктерден Отбасы банкке өтеді. Қаржы ұйымына тұрғын үй саясатын жүзеге асыратын Ұлттық даму институты мәртебесі беріледі.
24 маусымнан бастап өтінімдер тек онлайн қабылданады. Жүйе автоматты түрде 14 мемлекеттік базаны тексеріп, өтініш берушінің талаптарға сәйкестігін анықтайды. Тұрғын үй кезегіне тұруға құқылы азаматтар: Соңғы 5 жылда баспанасы болмағандар; Апатты үйлерде тұратындар; Белгілі бір табысы бар азаматтар; 18 жастан асқан Қазақстан азаматтары. Басымдық көпбалалы отбасыларға, мүгедек баласы бар жанұяларға, жетімдер мен ардагерлерге беріледі. Жаңа тәртіп тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға баспананы әділ бөлуге мүмкіндік береді. Толық ақпаратты orken.otbasybank.kz сайтынан алуға болады.