Айзада Бидан –тілші

Қолөнер шебер-2019 фестивалінде облысымыздың барлық аудандарының шеберлері жиналып, өз буымдарын көпшіліктің назарына ұсынды. Мысалы мына жеміс ағашынан жасалған дүние-киелі келсеп деп аталады.

  Марат Төребеков ағашты ойып, өзіндік мән-мағынасы бар дүниелерді жасайды. Шебер  бүгінгі көрмеге  50-ге жуық туындысын әкелген. Бірін-бірі қайталамайтын бұйымдардың өзіндік ерекшелігі бар.

 Марат Төребеков – шебер

Шығармашылық жұмысымызды жаңғақ ағаштан жасадық. Мұның мағынасы ана бесікте баланы тербете отырып, жанжүрек те бола алады. Жүрегі кең, мейірімінде шек жоқ. Бұл болашақта аяқталған кезде, кәдімгі балалар качеласы болады.  

 Ал, Түркістандық шебер 1,5 жыл ішінде қара ағаштан ойып жасаған еңбегін «Ұлы дала термесі, ғасырлар үні» деп атаған.  Ерекше рух сыйлатын дүниеге үңілсен, тарихтан, қазақ халқының  болмысынан сыр шертеді. 

 Гаухарбек Баянбайұлы – шебер

Қолөнер көрмесінде зергерлік бұйымдар, керамика, былғары,  тоқымадан жасалған бұйымдар қойылды. Ұлттық оюмен өрнектелген қазақи киімдер де көрменің көркін ашты.

 Бибіхан Мұсақызы - Түркістан қалалық балалар қолөнер мектебінің  шебері

Бізде мына көйлекті көбінесе тұрмысқа шыққан жас келіншектерге киюге арналған. Бұл киімді екі, үш күнде тіктік. Қазір қыздарымздың көбі, осы ұлттық киімдерге деген қызығушылақтары жоғары.

 Көрменің басты  мақсаты – қолөнер шеберлеріне қолдау көрсету, олардың жасаған бұйымдарын халық арасында кеңінен насихаттау, жас әрі дарынды  қолөнершілерді анықтау. Аймақта туризмді дамытуға ықпал ету.

 Ербол Садыр -   Облыс әкімінің орынбасары

Түркістан қаласы көне замандардан бері кәсіпкерлік пен қолөнердің орталығы болған. Бүгінгі іс-шара арқылы өңіріміздегі үздік қолөнер шеберлерін анықтап, оларға қолдау көрсетуді көздеп отырмыз. Екіншіден, Түркістан облысы үшін туризм саласының орны ерекше. Ал туризм дамуы үшін қолөнеріміз де дамуы тиіс. Сондықтан шеберлерге жағдай жасалып, шағын кәсіпорындар ашылуы қажет»

 Қолөнер - өлмес өнер. Бұл, өзге ұлттардан ерекшелігімізді, құндылығымызды айшықтайтын бекзат өнеріміз. Сондықтан аталған фестивальдің маңызы ерекше. Шара соңында түрлі өнер саласы бойынша үздік атанған шеберлер арнайы диплом мен  ақшалай сыйлықтарға ие болды.