Халықтар достығы университетінде қазір жалпы саны 6818 студент 30 бакалавриат мамандығы, 12 магистратура мамандығы бойынша білім алады. 220 оқытушының 28-і профессор ғылым докторы, 127 ғылым кандидаты.. Бұл - университеттің 1999 жылдан бері жүйелі түрде білім беріп келеді. Ал, биыл жиырма жылдық қарсаңында универсиетте біраз өзгеріс орын алыпты.
Рабиға Қуатбекова – Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің ректоры
Университетке осы оқу ордасының негізін қалаған, ардагер десек те болады, Әбдімұса Қуатбековтың атында....
Университет халықаралық дәрежедегі ұйымдармен достық қарым-қатынаста. Сондай-ақ алыс-жақын шетелден келіп, оқиытн студенттер де бар. Және жыл сайын әртүрлі ұйымдармен меморандумға отырып, оқытушылар арасында тәжірибе алмасу да дәстүрге айналыпты.
Айнагүл Алмағанбетова – Тәжірибе алмасушы
Мен осы Халықтар достығы университетімен серіктестік орнатамыз дегеннен-ақ өзіме сенімді болдым. Қазір студенттер арасында, мұғалімдер арасындап тәжірибе алмасып жүрміз...
Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің тағы бір артықшылығы, оқу ордасын тәмәмдаған түлектеріне түрлі жұмыс беруші орындармен келісім жүргізу арқылы жұмыс тауып береді. Бұл мәселе университетте жақсы жолға қойылған.
Д.Нахыпбек