Жалпы, терек, көбінесе 60-80 жыл, ал кейбір түрлері 120-150 жыл өмір сүреді. Теректің тұрмыста, тіршілікте алар орны ерекше. Ең алдымен ол таза ауа кепілі. Көшелер мен аулаларға берер сәні мен көркінен бөлек, ол ең арзан құрылыс материалы. Оңтүстік теректерінің тағы бірі ерекшелігі, ұқсата білсеңіз, одан ешқандай да қалдық қалмайды. Ол үшін оны күтіп, баптай да білген жөн.
Әуесхан Шайманбек –Қошқарата ауылының тұрғыны
Мұны көктемде егеді... Уақытында суғарып, қураған бұтақтарын дер кезінде бұтып, күтіп- баптасаңыз болды. Мұны өсіруге көп күш жұмсаудың қажеті жоқ...
Есбол асарлата кескен мына теректерді бұдан 8 жылдай бұрын кәдімгі шыбықтан өсірген. Күтім жақсы болғандықтан, олар осы уақыт ішінде құрылыс материалына жарап қалған. Бұл азамат енді бұл теректерді қалада салып жатқан тұрғын үйіне жаратпақ.
Есбол Қожатай – Қошқарата ауылының тұрғыны
Мұның бәрін өзіміз бала күнімізде бұдан он жылдай бұрын екенбіз. Міне, құрылысқа жарап қалды. Ағамыз қаладан үй салып жатыр еді. Соған арнап кестік. Қазір қабығын аршып жатымыз. Сонда ағаш тез кебеді. Өзімізден шыққан соң әрие арзан болады.
Шындығында мұндай материалдарды сатып алар болсаңыз, қалтаңызға салмақ түсері анық Ал оны өз аулаңызда егіп, күтіп, баптасаңыз, әлдеқайда арзанға түседі. Тек уақыты келгенде кесіп, тілдіріп, қажетіңізге жарата бересіз. Сондықтан, ауыл тұрғындары теректі көптеп егуді қолға алған.
Мұхтар Атабек – тілші
Мына қаз – қатар тізіліп тұрған теректер міне, мынадың шыбықтан өскен. Терек егу үшін тек бір жылдық шыбықтарды ғана таңдап алып, арық жағасына міне, мынадай етіп шаншисыз. Сосын күтімі жақсы болса 8- 10 жылда қажетіңізге жарап қалады...
Бүгінде ауыл тұрғындары терек ағашын құрылыстан бөлек, жиһаз жасауда пайдаланады. Оны тез өсетіндігіне байланысты тұрмыстық мақсатта және отын үшін өсіреді. Сондықтан, терек ағашын да біздің еліміздің ерекше бір байлықтарының бірі деуге толық негіз бар..
М. Атабек