«Xiamen University Malaysia» оқу орнының президенті Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетімен әріптестік байланыс орнату мақсатындла арнайы келді. Мұнда 20-ға жуық этнос өкілдерінен құралған 550 шәкірт білім алады. Университеттің негізгі миссиясы да ұлттар арасындағы достық пен татулықты дәріптеу еді. Қонақтар арнайы жиында студенттерімен тілдестіріп, екі жақты байланыстың нәтижесін талқылады.
Рабиға Қуатбекова - Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің ректоры
-Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті 20 жылда халықаралық аккредитациядан өткен жеке меншік оқу ордаларының ішінде алғашқысы. Бүл мемлекеттік университет. Бізді өздері іздеп өз қаржыларына келіп, мені халықаралық форумға шақырды. Алда студенттер және оқытушылар іс-тәжірибеден өтетін болады.
Бұған дейін 44 мемлекетпен табысты сыртқы байланыс орнатқан университет енді Малайзиялық студенттердің Шымкентке келіп, ал мұндағы шәкірттердің сонда білім алуы үшін арнайы меморандум түзді. Алда екі университеттің академиялық ұтқырлық бағыты одан әрі дамитын болады.
Уанг Руифэнг - Xiamen University Malaysia университетінің президенті
- «Xiamen University Malaysia» – әлемдегі үздік 300 университеттің бірі. Қытайдағы топ-20 енген оқу орны. Бүгінде 300 мың студенті бар. Ұлыбритания, Жаңа Зеландия, АҚШ сынды әлемдік университеттермен байланыс орнатқанбыз. Ал, Қазақстанмен байланыс орнату идеясы географиялық орналасу жағынан тиімді болды. Бүгінде, 10 мыңға жуық қазақстандық студенттер, ал біздің университетте әзірге 16 ғана студент бар. Ендігі мақсат осы студенттер санын арттыру.
Басқосу аясында танымдық – ақпараттық бейне роликтер көрсетіліп, қонақтарға университет басшылығы тарапынан сый-құрмет жасалды.
Рабиға Бақытжанқызы