Бала қиял, бала арман. Балғындар қолдарына түрлі түсті бор алып жол бетіне түрлі суреттер салды. Күре жолдың үстіне өрнектелген туындылардың ішінде жаяу жүргінші сызығы, бағдаршам, гүлдер мен автокөліктер бейнесін кездестіруге болады.Бейбітшілік пен ана сөзі еріксіз көздің жауын алады. Елорда мен әсем қала Алматы және балалардың сүйікті қаласы |Шымкенттің шырайлы жерлері де салынған. Жас суретшілердің айтуынша әр туындының өзіндік мағынасы бар.Бұл акцияға қалалық полиция департаменті мен, мегаполистегі оқушылар сарайы қолдау көрсетті. Ұйымдастырушылар жолда орын алатын бала жарақаттарының алдын алу мақсатында жобаны қолға алған көрінеді. Шымкенттің күре жолында ұйымдастырылған шара көлік жүргізушілерге бір-екі сағат қолайсыздық тудырғанмен 150-ге жуық балғынның көңілін шалқытып, қала тұрғындарына ой салды.
Жарқынай Оспанова – Салауатты өмір салтын қалыптастыру ассоциациясының өкілі
(Орысша бар )СӨСҚ ассоциациясы әлеуметтік жоба аясында осы істі қолға алып отыр. Басты мақсат балаларға жол ережесін түсіндіріп өздерінің ойын суретпен жеткізу.
Шара барысында ертегі әлемінің кейіпкерлері балалармен би билеп асфальтта асыр салып ойнады. Түрлі байқауларда жұртшылыққа ой салуға бағытталған. Балалардың қуанышына ата-аналарда мәз мейрам болды.
Гүлмира Биатанова – қала тұрғыны
Осындай іс-шара өтіп жатқанына өзім ұстаз ретінде, ата-ана ретінде көріп қуанып отырмын. Баяғы бала кезіміз еске түсіп отыр. Бұл сайысқа қызымыз екеуміз қосылып кеттік.
Бұл жоба еліміздің барлық қалаларында жүзеге асып жатыр. Басты мақсат күнделікті күйбең тірлікпен, балаларға назар аудармайтын жұмысбасты азаматтарға ой салу. Бала қиялына ерік беру,дейді шараны ұйымдастырушылар.
К. Дүйсенбі