Азаматтық қоғамның мүддесін ескеріп, өтініштерін тікелей тыңдап жұмысты оңтайландыру мақсатында ашылған «Фронт офис» орталығы әркімнің-ақ мәселесін тыңдауға әзір. Облыс әкімінің өткізген қоғамдық қабылдауға аудан-қалалардан 100-ге жуық  адам келді. Сұрақтар сан алуан. Облыс тұрғындары аймақ басшысына әлеуметтік, кәсіпкерлік, тұрғын үй мәселелері төңірегінде өтініш-тілектерін жеткізді.  Соның бірі қабылдауға келген қария Өмірзақ Шөкеевке ақ батасын берді. 90-ды алқымдаған ақсақал аймақ басшысының облыста атқарып жатқан ерен еңбегін ел елейтінін жеткізді.Елтай Бимаханбетұлы өзі тұрып жатқан Шорнақ елді мекенінің кезінде аудан орталығы болғанын, сол үшін Түркістан ауданын құрып, Шорнақ елді мекенін аудан орталығы ету жөніндегі ұсынысымен келді. Аймақ басшысы аталған мәселенің зерттеп-зерделеуді қажет екенін айтты. Сондай-ақ, Түркістан қаласының тұрғыны Раиса Шакирова тоқырау кезінде істен шыққан орталық моншаның қайта іске қосылуына көмек сұрады. Ол үшін қала шетінде орналасқан аумаққа көгілдір отын жеткізу керек. Өмірзақ Естайұлы биыл шаһар толық газбен қамтылатынын, ал әр үйге қосылуды тұрғындар өздері қолға алу керектігін айтты.

Төребек Тұрлыбеков — Сарыағаш ауданының тұрғыны

Нұрмахан назаров — Түркістан қаласының тұрғыны

Айта кетерлігі, қазіргі таңда тұрғындардың мемлекеттік органдарға толғандырған мәселелермен жүгінуі  жеңілдеді. Облыс әкімі аппараты басшыларының жеке қабылдауында өткен жылы 809 азамат келген, соның ішінде 400-ге жуық азамат Өмірзақ Естайұлының жеке қабылдауында болды.

Нұрсұлтан   Әбдірашит