Түркістан облыс орталығы деп жарияланған соң көне шахардағы базарлар қала сыртына көшірілді. Көппен бірге «Нұр Әсем» мал базары да Қарашық ауылдық өкругінің аумағына ауыстырылды. Карантин талаптарына байланысты базар аптасына бір күн ғана жұмыс істейді. Оған қоса орталықтан қашықта жатыр. Қарапайым халық әлі үйренісе алмай жатыр, дейді базар қызметкерлері.    

Батырхан Досалиев –   Базар басшысының  орынбасары

Базарда карантиндік талаптар қатаң сақталған. Сауда орталығына маскасыз  кіруге рұқсат жоқ. Мұнда Қазақстанның барлық аймағына төрт-түлік әкелінеді екен. Алымсақтар бұрын Ресей мен Қырғыздан келуші еді. Карантин басталғалы сұраныс төмендеді. Бұрынғыдай сатып алушылар аз, дейді делдалдар.   

Ділдахан  Әріпжанов –  Түркістан қаласының тұрғыны

Бұған дейін мал базары аптасына екі күн жұмыс істейтін. Бұл сатушыға да мал иесіне де қолайлы болатын.  Себебі, ала таңнан қара кешке дейін күйбең тіршілік қамымен кеткен тұрғындар тек демалыста ғана базарлайтын. Қазір жағдай мүлдем басқа. Онлайн тапсырысқа көшкендері де бар. Бірақ ол аз, дейді сатушылар. Сауда орталығының қызметкерлері  жағдай тұрақталса қалыпты жұмыс кестесіне көшеміз деген үмітте.

НазкенCкандар