Кеңеске қатысқан кәсіпкерлер қаладағы қызыл сызықтар кәсіптеріне кері әсерін тигізедіме деп алаңдауда. Сол себепті, сала мамандарына қала құрылысының жаңа жоспарына егжей-тегжейлі қарастырып, дұрыс шешім шығарылуын сұрануда. 2012 жылға дейінгі салынып, өз жұмысын бастап кеткен нысандар қызыл сызыққа ілінбейді.

Сабира Адамбаева  – Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің бастығы

Қызыл сызық - елдi мекендердi жоспарлау құрылымындағы барлық нысандардың аумағын көшеден бөлiп тұратын шекара. Құрылыс салу шекарасын реттеу үшiн қолданылады. Алайда, Шымкент қаласының шет аумақтарын алмағанда қала ішінің өзінде көптеген меншік иелері және жер пайдаланушылар оны пайдалану қағидаларын сақтамаған.

Мұрат Абдрахманов – Шымкент қаласы Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқарма басшысының орынбасары

Кеңес мүшелерінің қарауына алынатын мәселелер бүгінде өте көп. Кәсіпкерлер өз тарапынан өтініштерін айтып, Шымкент қаласының жаңа жоспарында олардың кәсібіне кедергі болатын тұстарын алып тастауды өтінді. Алдағы уақытта сәулет органы зерделеу жұмыстарын реттеп, кеңес мүшелеріне ұсынатын болады.

М. Жорабай