Алуа Жолдыбалина - ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының Әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің басшысы
Заңға енгізілген өзгеріске сәйкес, енді партиялық сайлау тізіміндегі адамдардың 30 пайызы міндетті түрде әйелдер мен 29 жасқа дейінгі жастар болмақ. Бұл өзгеріс әйелдер мен жастардың саясатқа белсенді араласуына мүмкіндік беретіні сөзсіз. Сондай-ақ, егер осыған дейін өткен сайлауларда мәслихат депутаттарын бір мандатты округтер бойынша сайласа, ендігі кезекте, ең алғашқы рет партиялық тізім бойынша өтеді, яғни облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттардың депутаттарының барлығы партиялық тізім бойынша сайланады. Бұл принцип партиялардың өзара бәсекелестігін, аймақтарда мәслихат жұмысының әрі қарай белсене түсіп, партиялардың жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді,
Сарапшының айтуынша, партиялық тізімдерде 8334 үміткер бар. Оның ішінде 3721 – нәзік жанды мен 29 жасқа дейінгі азаматтар. Яғни, 30 пайыздық квота орындалды. Соның ішінде: «Ауыл» партиясы – 611 кандидат, «Nur Otan» партиясында - 6234 кандидат бар. Ал, оның 2527-сі немесе 40,5 % әйелдер мен 29 жасқа дейінгі азаматтар. «АDAL» партиясында - 540 кандидат болса, оның 354-і немесе 65,6 % әйелдер мен 29 жасқа дейінгі азаматтар. Сондай-ақ «Ақ жол» партиясының құрамына - 715 кандидат тіркелген. Оның 374-і немесе 52,3 % әйелдер мен 29 жасқа дейінгі азаматтар. «Қазақстанның халық партиясы» - 234 кандидат, оның 140-ы немесе 59,8 % әйелдер мен 29 жасқа дейінгі азаматтар.Сондай-ақ басқосуда Еуразиялық интеграция институтының сарапшысы Самат Нұртаза еліміздегі сайлауалды шаралардың бәрі де заңға сәйкес өтіп жатқанын тілге тиек етті.
Самат Нұртаза- Еуразиялық интеграция институтының сарапшысы
Әлеуметтік желілерден байқағанымыздай, маңызды саяси додаға үн қосып жатқандар аз емес. Қазір бұрынғыдай емес, ел тұрғындарының саяси белсенділігі артып келеді. Жалпы бес партияға да бірдей мүмкіндіктер берілген. Яғни, бұл біздің еліміздің демократиялық бағытта келе жатқанын айғақтайды, – деді сарапшы.
Дөңгелек үстел барысында Шымкент қаласындағы үкіметті емес ұйымдар, жоғары оқу орындары ұстаздары және жастар өкілдері өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, алдағы сайлауда бірлесе жұмыс істеуге шақырды.