Кез-келген бала некесіз, не заңды некеден туған болсын, алиментке құқылы. Тіпті, заңды түрде ажыраспай-ақ бірге тұрып жатқан әйелдер баласы үшін отағасынан алимент өндіре алады. Биыл Шымкент қаласында сот орындаушылардың көмегімен алимент өндіру туралы 10 251 атқарушылық іс қозғалған. Оның ішінде 4107-сі борышкерлердің табысынан ұсталса, 5 337-сі өз еркімен төлеуде.
Айнұр Исабекова – Шымкент қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары
Егерде борышкер өзінің тиісті міндетін 3 айдан астам уақытта орындай алмаса, әлеуметтік өндіру істерді проблемалық санатқа жатқызамыз. Бұл бойынша сот орындаушы мәжбүрлілік шараларды қолданылады.
Тұрмысы төмен болса да алиментін уақытылы төлейтін адал борышкерлер де бар. Олардың жұмыссыздықтарын мен тұрмысын ескеріп, жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмыспен қамтып, кәмелетке толмаған балалары үшін алименттің өндірілуіне ықпал жасалуда. Өткен жылы өңірімізде 421 борышкер жұмыссыз ретінде тіркеліп, оның 235-сі екі қолға бір кұрек тапқан болатын.
Айнұр Исабекова – Шымкент қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары
Егерде борышкердің тұрақты жұмысы болмаса сот орындаушы оны жұмысқа тұрғызуға тырысады. Ол үшін борышкерге жұмыспен қамту орталығына жүгініп, жұмыс іздеуші ретінде тіркеледі.
2020 жылы 145 борышкер алиментті төлемегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал, биыл мұндай шара 70 борышкерге қолданылды. Оның 47-сі қамаққа алынса, 23-не айыппұл салынды. Ескеретін жайт, ерлі-зайыптылар ажыраспай-ақ, баласы үшін алимент талап етуіне болады. Тек жолдасының үстінен «балаларды асырап бағуы үшін үйге қаржы әкелмейді» деп сотқа шағымданса болғаны
Айдана Қуанышқызы