Үш буынды модельде полицияның міндеті не? Прокурор немен айналысуы қажет?Сот органдарының мақсаты қандай? Заманына қарай Заңы... Бұрын тергеушілер күдіктіге қатысты материалдарды іске тіркегеннен кейін ғана прокуратураға таныстыратын. Ал тергеу ісінен қандай да бір қателік не кемшілік кетсе, іс толығымен кері қайтарылып, осының барлығы уақыт алатын. Ал жаңа жүйеде тергеу органдарының әр қадамы жіті бақылауда болып, әр шешімдері жан-жақты бағаланатын болады.
Бағлан Телеу - Шымкент гарнизонының әскери прокуроры
Өткен жылы Мегақаладағы әскери гарнизондарда 25 қылмыс тіркелді. Үшбуынды модельге көшкелі, биыл тоғыз айда бұл көрсеткіш айтарлықтай азайған. Небәрі 8 қылмыс.
Бағлан Телеу - Шымкент гарнизонының әскери прокуроры
«Бұл модельде қылмыстық процеске үш буын жауап береді: полиция, прокуратура және сот. Бұл құрылымдар арасындағы өкілеттіктер де нақты анықталған», дейді әскери прокурор. Мұндай шектеу негізсіз әрі заңсыз шешімдерден қорғап қана қоймай, қылмыстық процестің заңдылығын қамтамасыз етуде түрлі құқық қорғау кедергілерді тудырады. Өйткені үш буынды жүйенің әр кезеңі қылмыстық істі сотқа жетпей тұрып жіті сүзгіден өткізіп шығады.
Г. Қалмырзақызы