Шара барысында төтенше жағдай бойынша мектепте дабыл соғысымен оқушылар мен ұстаздар түгелдей эвакуациялық ережеге сәйкес іс-әрекет жасап, ашық алаңқайға жиналды. Арнайыбелгіленгенпосттардатөтенше жағдайға байланысты кезекшілік жасаған жоғарғы сыныптың оқушылары кәнігі құтқарушылардай әрекет жасады. Жарақат алғандарды қауіпсіз аймақтарға жеткізіп, оларға мектеп медбикелері алғашқы медициналық көмек көрсетті. Жарақаттың түрі мен қауіптілігіне қарай таңу жолдарын оқушыларға түсіндірді.
Хадиша Қожбанова – №7 «Тұран» мектеп-гимназиясының директоры
Дабылқағылғансәттен 5 минут ішінде көмекке келген Жетісай аудандық №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері мектеп асханасынан шыққан өртті ауыздықтап, қауіптің бетін қайтарды. Оқушылардың төтенше жағдай кезіндегі ережелерге қатысты сұрақтарына жауап берді. Өрт сөндіру құралдары мен киімдерінтаныстырды.
Жүсіп Темірұлы – Жетісай аудандық №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары
Аталмышмектептіңалғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Ержан Анарбайұлының айтуынша бүгінде мектепте орнатылған 27 бейнекамераның 11-і ішкі бақылауды жүргізсе, 16 бейнекамера сыртқы қауіпсіздікке арналған. Одан бөлек әрбір сыныптар мен қосалқы кабинеттерде өрт қауіпсіздігі дабыл қондырғылары, әр қабатта дауыс ұлғайтқыштар талапқа сайжұмысістептұр.
Ержан Анарбайұлы – №7 «Тұран» мектеп-гимназиясының алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы
Айта кетейік, аталмыш мектепте төтенше жағдайларға қатысты оқу-жаттығу шараларын жылына 4 рет өткізіліп отырады. Мақсат – оқушылардың да, ұстаздардың да теориялық білімін жетілдіріп, ережелерді түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу. Бұл – басшының тікелейбақылауындатұрғаніс.
Жетісай ауданынан Қуаныш Әуелбеков Бауыржан Найманов