Шымкент. Жеңіл атлетика спорт кешені. Бүгін күндегідей емес. Халық көп. Еркін күрес спорт түрінен қыздар және ерлер арасында өтіп жатқан біріншілікке 280 спортшы қатысуда. Спортты серік еткен 13 пен 15 жас аралығындағы жасөспірімдер 12 салмақ бойынша боз кілемде белдеседі. Мақсат - мықтыларды іріктеу.
Марат Нұржанов, Халықаралық дәрежедегі төреші;
Мақсат команданы іріктеу. Келесі жылы Ресей елінде өтетін Азия ойындарына команданы дайындау.
Еркін күрес ептілікті қажет етеді. Күш қана емес, жігер, рух та керек. Дегенмен, жасырып қайтеміз. Еркін күрес спорт түрінен әлем чемпионаттарында жолымыз болар емес. 40 жыл болды, алтын алған ешкім жоқ. Бүгін жас спортшылардың қимыл - қозғалысын қырағы бақылаған мамандар алар асуымыз алда ,- деп отыр.
Ермек Байдуалиев, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері;
-Мен ойлаймын 5-10 жыл керек. 10 жылдан кейін бір емес, бірнеше әлем чемпионы шығады деп ойлаймын. Себебі, спортта бірінші тәртіп керек. Ол бізде бар. Екінші біздің кезімізде база болмайтын. Қазір базалар да жұмыс істеп жатыр.
Боз кілемде бабы мен бағы қатар жанған жасөспірімдер Азия ойындарында Қазақстан намысын қорғайтын болады. Азия біріншілігі Ресейде 2016 жылы өтеді.
Нұрлан Әлімбаев