Биыл елімізде ардагерлер кеңесінің құрылғанына -35 жыл! мерейлі мерекеге орай Түркістанда қарияларға құрмет көрсетілді. Қала әкімі Нұрбол Тұрашбек ардагерлердің ел дамуына қосқан үлесін айтып өтті. олардың атқарған жұмыстарына алғыс білдірді. Белсенді ақсақалдарды марапаттады.   

Түркістан қаласында ардагерлер кеңесі 1987 жылы құрылған. Содан бері бұл қоғамдық ұйым елдегі саяси -әлеуметтік оқиғалардың бел ортасында белсенді әрекет етіп келеді. Қазір де бұл ұйымның беделі күшті. сат-дәстүрді берік ұстаған аймақта қариялардың сөзі жастарға үлгі. 
Мерейлі күнге орай ұйымдастырылған жиында қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков қарияларға алғыс білдірді. Елдің жанашыры болып, ынтымаққа ұйыстырып жүрген абыз ақсақалдардың ісі кейінгі ұрпаққа үлгі. Қашанда елдегі бейбітшілікке ұйыстыра білетін , аға буыннан үйренеріміз көп,- дейді. 
Қариялар ұрпақтар сабақтығын жалғастырушы алтын көпір. Дініміз бен тілімізді, ұлттық дәстүрлердің қатаң сақталуын қадағалау оларға жүктелген парыз болды. сондықтан атадан-балаға мирас болған құндылықтарымызды кейінгі буынға үйретуде шаршамауымыз керек,-дейді ақ жаулықты аналар. 
Салтанатты жиында қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытып жүрген ардагерлер марапатталды. Біріне төсбелгі тақты. Екіншісі алғас хат алды. Өнерпаздар әннен шашу шашып жыр арнады.