Шымкент қалалық орыс драма театрында ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бекболат Құрманғожаевтың режиссерлік етуімен, драматург  Кенжебай Ахметов пен «Құрмет» орденінің иегері Уәлибек Әбдірайымовтың «Шымкентім көрікті мекенім» атты музыкалық танымдық комедиясының премьерасы өтті. 

Қойылымда кең байтақ өлкеміздің батыс өңірінде дүниеге келіп, сол топырақтың құнарын бойына сіңіріп өскен өнерлі өреннің Шымкент жеріне білім жетілдіруге келгенде кездескен түрлі хикаялары комедия жанрында баяндалды. Бұл уақиға театр сүйер қауымды  бей-жай қалдырмады. Қаймана қазақ түгілі кез келген ұлттың ұл-қызын құшағына сыйдыра білген шырайлы Шымшаһардың қасиетін қойылым арқылы сезінген көрермен өз ризашылығын білдіріп,қуана тарқасты.