Тамақ өнеркәсібі үшін Халал сертификатын алу өте маңызды. Осы орайда, өңір кәсіпкерлердің басын қосқан Қазақстан стандарттау және метрология институтының Шымкент қаласы  және Түркістан облысы бойынша филиалының өкілдері оларға егжей-тегжейлі түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сертификатты алу үшін қандай талаптар қойылып отыр? Алғаннан кейін кәсіпкерлерге қандай мүмкіндіктер қарастырылған?


Халал сертификатын алу үшін кәсіпкерлерге бірнеше талап қойылған. Ең біріншіден өнімнің жасалу жолына жіті мән берілетінін айтқан Қазақстан стандарттау және метрология институтының Шымкент қаласы  және Түркістан облысы бойынша филиалының  директоры Сәкен Бейсеев шариғатта харам деп көрсетілген нәрселердің, қандайда бір ұшы байқалса, оларға сертификат берілмейтінін жеткізді. Мейлі ол тамақ өнімдері болсын, мейлі ол тұрмыстық тұтыну заттары болсын талап бәріне бірдей ортақ.  
Жиын барысында өңір кәсіпкерлерімен қатар,  ZOOM платформасы арқылы жамбылдық және қызылордалық бизнесмендермен де  байналыс орнатылды. Олардың тақырып аясында қойылған сұрақтарына жан-жақты жауап берілді. Кәсіпкерлердің басым көпшілігінің аталмыш сертификатты алуға ниетті екендері байқалады. Өткен жылдың мамыр айынан бері 10 астам өнімге Халал сертификаты берілген.  
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындарға, сауда нарығындағы жаңа бағыттарға жол ашылмақ. Олар БАӘ өз өнімдерін тікелей экспорттай алады. Қазіргі таңда, Катар елімен келіссөздер жүргізіп жатқанын жеткізген жауаптылар болашақта шел елге шығу мүмкіндігінің кеңейетінін айтады.