Шымкент қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған ерекше мәдени іс-шара өтті. Достық үйінде «Достық әуендері» атты заманауи ұлттық музыкалық гала-концерт әртүрлі этнос өкілдерінің өнерін біріктірді.


Достық үйі, келген қонақтар, сахна көріністері.


Іс-шараның мақсаты: түрлі этностардың мәдениеті мен ұлттық музыкасын дәріптеу, шығармашыл жастарға қолдау көрсету және халықтар арасындағы достықты нығайту. Кешті Шымкент қаласы әкімдігі мен Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырды.


НҮРКЕН ӘЛІМКҰЛОВ, «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» КММ БАСШЫСЫ

Өздеріңізге белгілі конкурс екі күннен бері өтіп жатыр. 31 үміткер қатысты. Үміткерлерді біздің қазылар алқасы іріктеп, талдап барлығын іріктеп алды. Мақсат – этносаралық татулықты нығайту, ұлттық мәдениеттер мен музыканы насихаттау, сондай-ақ талантты жастарға қолдау көрсету.


Бүгінгі концерт – елдегі ұлттар достығы мен бейбіт өмірдің жарқын көрінісі. Бұл – Ассамблеяның негізгі миссиясына сай келеді. Байқауға 17 мен 35 жас аралығындағы түрлі этнос өкілдері қатысты. Олар вокал, дәстүрлі аспапта орындау, сахна мәдениеті мен шығармашылық креативі бойынша сынға түсті.


АКРАМ БАХРАМҰЛЫ, III ОРЫН ИЕГЕРІ

Ассамблея жастарының атынан қатыстым. Өзге ұлт өзге ұлт өкілі болып. 2 турдан тұрды байқау. Бір Алланың қалауымен 3 орын иелендім. Екі ән орындадым, қазақ тілінде. Ұйымдастырушыларға, әкімшілікке үлкен алғысымды айтамын.


Гала-концертке белгілі әншілер Еркін Нұржанов, Қайрат Түнтеков, Асан Пердешов, Надир Шах пен Айжан Таженова қатысты. «Достық әуендері» – түрлі ұлттың бір шаңырақ астында тату өмір сүріп жатқанын көрсететін мәдени шаралардың бірі. Бұл бастама жастарды патриотизмге, достыққа және мәдениетті құрметтеуге баулиды.