Әз-Наурызды тойлау жалғасып жатыр. Мереке қарсаңында Шымкент қаласы Еңбекші ауданы, Қойгелді батыр көшесінің тұрғындары бір жадырап қалды. 70 жылдан бері болмаған балалар алаңшасына, жарықшамдарға қол жеткізіп отыр.


Наурыз – әлемдегі ең көне мейрамдардың бірі. Орта Азия елдері оны 5000 жылдан аса уақыт атап өтіп келеді. Наурыз мейрамы заманауи діндер мен көптеген мемлекеттер пайда болғанға дейін шамамен 5 мың жыл бұрын пайда болды. Наурыздың шығу тарихы белгісіз. Иран мифологиясына сәйкес, осы күні Тұран ханы Афрасиабтың қолынан қаза тапқан атақты  Саяуыш батыр жер қойнына тапсырылған. Бұл аңыздың Авестада айтылғаны белгілі. Дәл осы мерекеде Еңбекші ауданына қарасты Қойгелді батыр көшесінің тұрғындары той берді. Негізгі себеп – бұл маңдағы инфрақұрылымның жақсаруы, дамуы болып отыр. Мәселен, ширек ғасыр бойы болмаған балалар алаңшасы ашылып, жұртшылық әкімге ризалықтарын білдірді.