Шымкентте өңіраралық инвестициялық форумы өтті. Алаңда Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласының инвестициялық тартымдылығын арттыру, экономикалық даму қарқынын  күшейту жайында сөз қозғалып, өзара ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.


Шымкентке тартылған инвеститцияның көлемі жылдан-жылға артып келеді. Қала мегаполис атағын алған жылы небәрі 194 млрд теңге инвеститция тартылса, 2022 жылы 560 млрд теңгеге жеткен. Ал, биылғы жылы 750 миллиардтың межесі тұр. Өңірде түрлі инвеститциялық жобаларды іске асыруға экономикалық және адами ресурстар да жеткілікті. Жиында сөз сөйлеген қала әкімі Мұрат Әйтенов инвесторлар үшін барлық жағдайдың жасалғанын жеткізді.
 «SHYMKENT INVESTMENT - 2023" өңіраралық инвестициялық форумына шетелдік әлеуетті инвесторлар мен отандық бизнес-қауымдастық өкілдері, орталық мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар, сондай-ақ, қаржы институттары қатысты. Олар өздерінің  жобалары жайында сөз қозғап, мүмкіндіктерін таныстырды.
Шымкентте бүгінде 5 индустриалды аймақ жұмыс жасап тұр. Олардың толымдылығы 90 пайызды құрауда. Алдағы уақытта, тағы да 5 аймақты іске қосу көзделуде. Ол үшін нақты қадамдар жасалған.
Форум шеңберінде бірқатар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша шетелдік және отандық компаниялар мен 14 меморандумға қол қойылып, 364 млрд теңгенің келісім шарты түзілді. Осы орайда, Үнді инвестролары заманауи үлгідегі 300 орындық клиника салуды көздеп отыр. Сондай-ақ, қаламыздан әлемдік брендтегі Хилтон қонақ үйі де бой көтеретін болады. Айта кетейік, өңіраралық инвестициялық форумды  дәстүрге айналдыру көзделуде .