Елімізде дизель отыны тапшылығы қатты сезілуде. Бүгінгі таңда Шымкент қаласының жанармай құю станцияларында мұнай өнімдерінің жеткіліксіздігі үлкен мәселе болып тұр.  Әсіресе  құрылыс саласындағы бизнес субъектілерінен Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасына келіп түскен өтініштер саны артуда.


Ағымдағы жылдың Сәуір айынан бастап  Шымкент МӨЗ жөндеу жұмыстарына тоқтау басталғаны туралы хабарлауға байланысты кәсіпкерлер дизель отынының тапшылығына тап болғанын айтуда. Дизель отынын көтерме жеткізушілер әр түрлі құрылыс объектілеріндегі жұмыс көлеміне байланысты айына 70 000-140 000 литрден бастап қажеттілігі бар дизель отынының тиісті көлемімен қамтамасыз ете алмауда. Көлік-құрылыс компаниялары ірі  ЖМҚС-нан талонмен отын сатып алуға келісім шарты бола тұра, дизель жеткізушіден шектеулі лимитте отын сатып алуға мәжбүр. Жанармайдың жеткізушілерінің көбісі тиісті көлемнің болмауына байланысты талондмен дизель отынын сату туралы шарттарды жасасудан бас тартуда.
Осыған байланысты, Кәсіпкерлер палатасы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М. Исаховтың, Шымкент қаласы Экономикалық тергеу департаментінің, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің, "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС және тиісті басқармаларының басшыларының қатысуымен кездесу өтті.Дизель отынының жеткіліксіз босатылуымен шиеленіскен жағдай қауіпті деңгейге жетті. Дизель отынының жетіспеушілігі кәсіпорындардың мәжбүрлі тоқтап қалуына, қаржылық шығындарға әкелуде,
Жанармай құю станциясынан жанармай қолма-қол ақшаға сатып алу әрекеттері де теріс нәтижеге әкелді. Қаланың кейбір жанармай құю бекеттерінде дизель отынын босату станцияның тәуліктік қамтамасыз етілу көлеміне, техникалық паспорттарды ішкі тіркеумен және ұзақ кезекпен 20-100 а.к. байланысты жүргізіледі. Көптеген жанармай құю станциялары отынның болмауына немесе талондарда отын жеткізуге жасалған шарттар бойынша қамтамасыз етуді шектеуге байланысты мүлдем бас тартуда.Мұның барлығы кәсіпкерлікке кері әсер етуде.