Баланы дұрыс тамақтануға бағыттайтын Шымкенттегі «Меруерт» балалар дүкеніне 18 жыл! Осы аралықта, өздерінің тұрақты тұтынушысын қалыптастырып үлгерген сауда орны, бүгін оларды ерекше сыймен қуантты. Айтулы күнге орай, Дубай қаласына 2 адамдық жолдама ойнатылып, бағалы сыйлықтар таратылды.


Меруерт Нәрзенқызы – 18 жылдан бері жас аналардың көңілін тауып, балалардың дұрыс тамақтануына ықпал етіп келеді. Тәжірбиелі маманға еліміздің түкпір – түкпірінен хабарласатын жас аналар жетерлік. Оларға үнемі қолдау көрсетіп,  бағыт бағдар беріп отырады. Ақылын ақыға сатпайды, кеңесін тегін береді. Бүгінде Меруерт Нәрзенқызы «Бизнес леди» атаныпта үлгерді.  
 «Меруерт» балалар дүкенінде нәрестеге арналған қоспадан бастап, жасөспірім шаққа дейінгі қабылдайтын дәрумендердің кең таңдауы бар. Сондай-ақ, перзентханаға алып баратын сөмке мен балаға қажетті заттың бәрі бір жерге жинақталған. Басымдықты сапаға берген сауда орны, қолжетімді бағаны да қалыптастырып үлгерген. Мұнда, әсіресе жас аналар жиі бас сұғып, тәжірибелі арнайы маманның кеңесіне жүгінеді. Ал, тұрақты тұтынушылар болса, бірнеше жылдар бойында онлайн сауда жасауға машықтанып алған.
18 жылдың ішінде өздерінің тұрақты тұтынушысын қалыптастырып үлгерген Меруерт балалар дүкені, айтулы күнге орай келген қонақтарды ерекше сыйымен қуантты. Дубай қаласына 2 адамдық жолдама ойнатып, бағалы сыйлықтар табыстады.
Балаңыздың дұрыс тамақтанып, жан-жақты дауына жағдай жасаймын десеңіз Төлеби көшесінің бойында орналасқан Заман сауда үйіндегі  Меруерт балалар дүкеніне келіңіз! Мұнда зиянсыз жөргектен бастап, қауіпсіз сулық, бала ағзасына пайдалы ботқалардың түр-түрін арзандатылған бағада сатып аласыз.