Футболдан Қазақстан чемпионатының 12-туры аяқталды. Ордабасы өз алаңында Атырауды қабылдап, 2:1 есебімен жеңіп кетті. Абдихоликов пен Малыйдың салған голы әлеуметтік желіні жайлап жатыр. Ал атыраулық ойыншы Эффионг өз командасына 1 ұпай салып берді.
Осы сенбіде Алматы, Қостанай, Ақтөбе, Шымкентте Премьер-Лига ойындары өтті. Ордабасы мен Атырау Шымкенттегі стадионда кездесті. Ел чемпионатының 12 туры Рәміздер күніне орайластырылып 20 мыңнан аса жанкүйердің командамен бірлесе орындаған Әнұранымен ашылды. Екі команданың кездесуі аса тартысты өтті. Атырау командасымен болатын ойын қашаннан тартыспен өтіп келе жатқаны белгілі. Бұл ретте де "Ордабасының" қақпасына қаншама қауіп төнді. Тіпті қақпашымен жекпе-жек шығып кеткен ойыншының соққысын Мұхамеджан Сейсен қақпаға дарытпады. «Сен салмасаң, саған салады» деген қағида бойынша алаң иелерінің команда капитаны Асқат Тағыберген кезекті шауыл кезінде жеке шығып бара жатқан легионер Бобир Абдихоликовтың аяғына допты әдемі тастап берді. Осы мүмкіндікті мүлт жібермеген ол қақпашы Хаткевичтің осал жерін тапты . Есеп 1-0. Арада тағы біс минуттан соң Атырау қақпасына айып добы белгіленді. Осы допты баспен бағыттаймын деп шабуылға араласқан қорғаушы Сергей Малый жерлете теуіп есепті 2-0 жеткізді.
Александр Седнев
«Ордабасы» ФК бас бапкері
- Қиын матч болды. Қысымға толы атмосферада ойнады деуге болады. Қарсылас, сөзсіз, мықты. Үзілістен кейін бізге соғылған гол уайымды арттырып, мұқият бола түсуге итермеледі.
Екінші таймда Атырау толассыз шабуыл жасаумен болды. Ордабасының қақпасын қорғаған Мұхамеджан Сейсеннің шеберлігін арқасында қаншама сәттерге тосқауыл қойылды. «Аңдыған алмай қоймайды» деген, кезекті бір осындай шабуыл кезінде ЭФФИОНГ баспен бағыттап есеп айырмасын қысқартты. Есеп 2-1. Осы голдан кейінде Атырау және бір гол салды. Дегенмен, төреші оралдық Болат Сариев ВАР жүйесі арқылы қайта қарап голды есептемеді. Ойыннан тыс қалған шабуылшының қателігі тең ойынға жеткізбеді. Осылайша Ордабасы кезекті турды жеңіспен аяқтады.
Виталий Жуковский
«Атырау» ФК бас бапкері
-Ұстамды, мықты ойын көрсеттік. 25 минут бойы дес бермеді. Жігіттер психологиялық тұрғыда абдырап қалғаны рас. Ұтымды тәсілдер болды. Соңында жүрегім дүрсілдеп кетті. Есеп 2:2 болды, бірақ төрешілер ойыннан тыс қалдырды.
Стадиондағы атмосфера тым ерекше болды. Жанкүйерлер барын салып, сүйікті командасына қолдау білдірді. Олардың көбі жергілікті командаға жанкүйер боп келген.
12-тур қорытындысы бойынша Жетісу Каспиді жеңді. Қайсар Мақтаралдан озық шықты. Қайрат Оқжетпесті, Астана Ақсуды, Тобол Қызылжарды, Ақтөбе Шахтерді басып озды. Енді Ел кубогының ¼ финалдағы ойындарының қарымта кездесуі өтеді. Ордабасы Петропавлда Қызылжармен күш сынасады. Түркістанның Тұран футболшылары Астанада қарымта кездесу өткізеді. Жерлестерге жеңіс тілейміз!