«Бақытты отбасы – бақытты жан». Шымкентте тағы бір игілікті жобаның тұсауы кесілді. Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың тапсырысы бойынша басталған жобаның алғашқы шарасы да өтті. Жиында білікті психолог пен заңгер жас отбасыларға семинар-тренингтер өткізіп, құқықтық және психологиялық кеңес берді.
Жобаның мақсаты қоғамда отбасы институтын нығайту, шағын мемлекеттің құндылықтарын, дәстүрін сақтау қағидаларының үстемдік етуіне ықпал жасау. Отбасыларға қажетті заңгерлік, психологиялық көмек беру, отбасында туындайтын проблемаларды жан-жақты зерделеуді көздейді. Жобаны «Ғаламат» қоғамдық қоры Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының тапсырысы негізінде қолға алған.
Бақытты отбасының әрбір мүшесінің: ата-ананың құқығы, балалардың құқығының сақталуы, өзара сыйластық, тығыз қарым-қатынасты қалыптастыруда психологиялық күйзелістерді реттеу үшін тәжірибелі заңгерлер және отбасылық психологтар семинар өткізді. Отбасы мүшелеріне қатысты ситуациялық сұрақтар қойылып, түрлі қиын жағдайларда дұрыс жол табу қабілеттерін шыңдайтын ойындар ұйымдастырылды.
Әр іс-шараға 30 отбасы мүшелері: яғни ата-анасы балаларымен қатысады. Мұндай жиындардағы ерекшелік пікір алмасу арқылы бақытты отбасы мүшелері өмірлік ұстанымдарымен, тәжірибелерімен бөліседі.
Алдағы уақытта жоба аясында 10 семинар-кездесу өтеді. Олар Әл-Фараби, Пушкин, Абай кітапханалары мен мектеп-унивеситеттерде ұйымдастырылмақ. Жалпы үлгілі отбасыны қалыптастыру мақсатында өтіп жатқан жиындар 300-ге тарта адамды қамтиды.