Қаламызда кадрлық ауыс-түйіс. Шымкент қаласы прокурорының бірінші орынбасары қызметіне Нұрғали Жомарт Нұрғалиұлы тағайындалды.
Нұрғали Жомарт 1978 жылы 30-қаңтарда Шымкент қаласында туылған. Халықаралық қазақ-түрік университетінің заңгер мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын, 2000-жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратура саласынан бастаған. Әр жылдары Бас прокуратурада, Кентау қаласы мен Сарыағаш ауданының прокуроры қызметінде, 2021 жылдың сәуір айынан осы кезге дейін Түркістан облысы прокурорының орынбасары қызметін атқарған.