Шымкентте 50 мың адамның үй-жайы жоқ. Оларды баспанамен қамту ісіне қаншама жылдар қажет. Бұл мәліметті қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы мәлімдеп отыр. Оның айтуынша, үйсіз жандарды панамен қамту үшін түрлі бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Толық ақпарды сюжеттен көрсек.
Баспана мәселесі – ең маңызды әлеуметтік проблема. Шаһарда үйі жоқтарды санатқа қарай бөлсек, 12 мыңы көпбалалы ана, апатты деп танылған 30 баспана бар. Бюджеттік мекемеде жұмыс істейтін 20 мың азамат кезекте тұр. Сонымен қатар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған 2 мыңға жуық жетім бала бар. Әлеуметтік жағынан әлсіз топтар саны – 17 131.
Мемлекеттік бағдарламалардың ара-жігін ашып айту керек. 2 бағыт бойынша жүргізіледі. Біріншісі арендалық, екіншісі несиелік. Алғашқысында өз кезегін күтеді. Қазіргі таңда 2013 жылы кезекке тұрғандар үй алып жатыр. Ал көпбалалы ретінде 2017 жылы тұрғандарға биыл үй бұйырды. Ал кредиттік үйлер де кезекке тұрған азаматтарға арналған, олар «Отбасы банк» арқылы салымшы болады, шаршы метрі небәрі 200 мың теңге.
Тұрғын үй саласында өзгерістер де аз емес. Мәселен, несиелік үйлерге келсек, бұрын екінші деңгейлі банктерде пайызы жоғары азаматтардың конкурсты жеңіп кетуге мүмкіндігі жоғары болатын. Бұл ел арасында түсінбеушілік тудырды. Сан жылдар бойы кезек күткендер қапы қалып жататын. Енді халықтың ұсынысы ескеріліп, кім бірінші кезекке тұрса, сол өтетін болды.