Шымкентте қолөнершілер форумы өтті. Іс-шараны Visit Shymkent туристік ақпараттық орталығы «Artisans of Shymkent» атауымен ұйымдастырды. Мұндағы мақсат - ұлттық қолөнерді жандандырып, этнотуризмді дамыту. Форумға жергілікті және өзге облыстардан 65 қолөнерші қатысып, бұйымдарын көпшілік назарына ұсынды. Іс-шараға әріптесім Нұрлан Пайзов қатысып қайтқан еді. Көрменің ерекшеліктері жайында өзі айтсын.
«Artisans of Shymkent» форумы – әр аймақ қолөнершілерінің басын қосып, өзара тәжірибе алмасуға, қолөнер қауымдастығы арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған шара. Мұндай форумға алғаш қатысып жатқандар да бар. Солардың бірі Жәнерке Байбосынова. Жас суретші жапон елінің анимациялық кейіпкерлерін қазақи стильде үйлестіріп, ұлттық киім-кешекпен бейнелейді.
Рухани шара қолөнер шеберлігін дамытуға және қолөнершілердің жаңа буынды шабыттандыруға ықпал етпек. Әр аймақтан келген 65 қолөнерші тоқыма, құрақ, зергерлік бұйымдары көпшілік назарына ұсынды. Форумда көрмемен қатар, панельдік сессия өтті. Онда сала мамандары іс-тәжірибиемен бөлісті. Сондай-ақ, кәсіпкерлер палатасының мамандары қолөнершілерге кәсіп жүргізудің тиімді жолын үйретті.
Іс-шара қорытындысы бойынша, қатысушыларға форум аясында ұйымдастырылған байқау жеңімпаздары мен қатысушыларға сертификаттар мен алғыс хаттар табысталды.