«Түркістан: Туризм, Инвестиция, Экономика». Түркістанда өтіп жатқан TIF’23 халықаралық форумына шет мемлекеттер мен еліміздің ірі кәсіпкерлері, инвесторлар қатысып жатыр. Олардың бірқатарын Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жеке қабылдап, келіссөздер жүргізді. Атап айтқанда, Түркия, Қытай, Өзбекстан және Қазақстанның инвесторларымен жобаларды, әріптестік орнату мәселесін талқылады.

Түркістан өңірінде ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, туризм және өзге де салаларда әлеует жоғары. Инвестициялық мүмкіндігіміз өте жоғары. Біздің өңір – Орталық Азиядағы бизнеске ең қолайлы аймақ. Облыста арнайы экономикалық аймақ, индустриалды аймақтар бар. Онда кәсіпкерлердің жобаларын қабылдауға мүмкіндік мол. Инфрақұрылым және өзге де мәселелер бойынша қолдау көрсетіледі. Басты бағыт – Түркістан облысын өндірісі дамыған аймаққа айналдыру.

ҚХР-ның Қазақстандағы Бас консулының орынбасары Хуа Чжонг инвестициялық және экономикалық форумның өте жоғары деңгейде өткенін атап өтті. Келіссөздерге қолайлы жағдай жасаған өңір басшылығына алғысын білдірді.

ХУА ЧЖОНГ–ҚХР ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАС КОНСУЛЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
- Түркістан тамаша көркімен, табиғатымен және тарихымен таңғалдырды. Форумға ірі бизнес өкілдері, компаниялар келді. Алдағы уақытта да осындай байланысты тереңдетіп, зауыттар, кәсіпорындар ашу бойынша әріптестік орнатуға қолдау көрсетуге дайынбыз.

Қытайлықтар мақта шаруашылығы бойынша жүргізіліп жатқан ылық танытып отыр. Түркияның «BERTAŞ» компаниясының бас директоры Галип Ресул медициналық технологияларды енгізу бойынша ниетін білдірді.  Кездесуде Түркия, Өзбекстанның инвесторларының мақта кластерін дамыту және өзге де салалар бойынша әріптестік орнату жөніндегі ұсыныстары қабылданды. Сондай-ақ шетелдік инвестордан Түркістан облысына туристер тарту жобасы да айтылды. Жоба бойынша Түркістанға Индонезия, Қытай елдерінен саяхатшылар тарту көзделіп отыр.