Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенттері Ерік Жолжақсыновпен кездесті. «Болашақ педагогтердің азаматтық тұлғалық сапаларын жақсарту» атты жиынға ұстаздар мен болашақ мұғалімдер қатысты. Қазақстандық театр және кино актері, ҚР Еңбек сіңірген әртісі жастарға не айтты?

Театр және кино актері өз  сөзін университеттің материалдық-техникалық базасын мақтаудан бастады. Студенттердің осы ғимаратта білімді болып шығарына сенім білдірді. Әрі қарай әңгімесін өмір жолы мен өнер төрі туралы жалғады.

Ө. Жәнібеков атындағы ОҚПУ танымал тұлғалар мен елге еңбегі сіңген жандарды ұдайы қонақ етіп, шақырып отырады. Ондағы мақсат – тұлғаның бойында адамдық қасиеттерді дамыту. Бұл жолғы қонақтан да студенттердің алары көп болатынына сенімді.

Айта кету керек, Ерік Жолжақсынов театр және кино актері. «Парасат» орденінің иегері. 64 жастағы әртіс тарихи туындылардан жиі бой көрсетеді. Оны елге танымал еткен 30-дан аса жобаға қатысып, есте қаларлық рөлдерді сомдады. Оның ішінде «Көшпенділер», «Кек», «Махамбет», «Ағайынды» секілді фильм, сериалдарда бой көрсеткен.