Үшінші мегаполистің мәдени дамуына кітапханалардың қосар үлесі ерекше. Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханада жарты миллионға жуық кітап қоры бар. Қазақтың өткенін бүгінге жеткізіп, руханияттың қалыптасуына сүбелі үлес қосып отырған ошақтың тыныс-тіршілігімен тілшілер танысқан болатын.

Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасы талай тарихты жадында сақтап, жас ұрпаққа дәріптеп отырған бірден-бір орын. Өмірлің қилы соқпағынан сүрініп, өзіндік орнын таппай жүргендер үшін жайлы мекен,-дейді кітапханашылар.

 Кітапханада 6 бөлім жұмыс істеп тұр. Планетариде кітаптарды бейне нұсқада көру мүмкіндігі бар. Мұнда сирек кездесетін кітаптар бөлімі, Шымкентті тереңінен танытатын арнайы бөлімдер қарастырылған. Жергілікті ақын-жазушылардың шығармалары арнайы сөреде орналасқан.

Кітапханашылар соңғы уақытта мотивациялық, психологиялық кітаптарға сұраныс арқан,-деп отыр. Алайда жастарға қазақ әдебиетінің классиктері жазған әдеби шығармалардан асқан шабыттандырушы құрал жоқ. Сондықтан мамандар келушілерді проза, роман повестерді оқуға шақырады.