Қойылым арқылы жемқорлықпен күрес. Шымкенттегі Орыс драма театрында Николай Васильевич Гогольдың Ревизор қойылымы  көрерменге ұсынылды.  Қойылымда ірілі ұсақты жемқорлық арқылы  барлық кейіпкер былғанғандығы көрініс табады.

Гоголь бұл қойылым арқылы парақорлық, қазына мүлкін қымқыру, жағымпаздық, шенге бас ұру, ақымақтық, жалқаулық сияқты пендешіліктерді көрсетті. Гогольдің «Ревизор» қойылымы бүгінде өз күшін жоғалтпаған. Себебі қоғам әлі де жемқорлықпен күресу жолында. Ал мемлекеттік қызметкерлерге қойылымды көрсетудің мағынасы – жемқорлықты болдырмау.Яғни, көрермендерге ой салып, жемқорлықтың түбі қандай жағдайға әкелетінің жеткізу.

Игорь Вербицкий, Орыс драма театрының директоры
- Глубоко задумывается Біздің қойылымнан кейін көрермен қалың ойға кетеді. Былай істеу керекпе керек емеспе деген ойға беріледі. Осы кейіпкерлер арқылы жұртшылыққа жемқорлықтың жиіркенішті екендігін жеткіздік.