Түркістан облысы «Жастар ресурстық орталығы» кезекті іс-шарасын өткізді. Сарыағаш ауданында ұйымдастырылған «Еңбек лагері» жобасына 150-ге жуық белсенді жас қатысты. Облыстың аудан-қалаларындағы «Жастар ресурстық орталығы» мамандарының басын қосқан шараның мақсаты не? 


 Лагерь 25-26 қараша күндері аралығында Сарыағаш ауданындағы демалыс аймағында өтті. Қатысушылар алғашқы күні «Спорт бізді біріктіреді» атты тақырып аясында спорттық жарыстар өтті.

 Іс-шара білімді әрі белсенді жастардың шығармашылық әлеуетін шыңдай отырып, мәдени және кәсіби қабілетін арттыратын, жеке тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасау мақсатында ұйымдастырылған. Онда кіші футболдан турнир өтті.

Сонымен бірге волейбол мен шахматтан да жарыс өтті. Жалпы аудан-қалалардан келген «Жастар ресурстық орталығы» мамандары 3 командаға бөлініп, сайыстарға қатысты. Сонымен бірге жайдарманшылардан құралған тағы бір команда жарыс көркін қыздырды.  

Жалпы лагерге қатысушы жастар «Мен жасаған игі іс!» атты тақырыпта тазалық акциясын да өткізді.  Шараның соңы «Жастармен бірге» атты гала-концертпен аяқталды.