Отты жылдары іргетасы қаланған AUEZOV UNIVERSITY–нің 80 жылдық мерейтойы аясында осы білім ордасының атымен аталатын колледж ұжымы мерекелік шаралар легін жалғастырды. «Зерттеу университеті статусының берілгені біз үшін шын мақтаныш және үлкен жауапкершілік»,- дейді, оқытушы-профессор құрам. Оқу ордасында халықаралық студенттер мекрекесіне орай бірінші курс шәкірттері  үшін студендікке қабылдау рәсімі болып өтті.

 80 жылдық тарихы бар AUEZOV UNIVERSITY-ті отандық кадрларды даярлауда алдыңғы шепте. Жиын басында жаңа буын замандасты майталман маман етіп шығаратын білім ордасы туралы бейнеролик ұсынылды.

Мұнан соң, марапаттатау шарасына кезек берілді. Ақжолтай ақпар: колледж мұғалімі Надежда Айтөрееваға ғылым және жоғары білім минстрлігі жарлығымен Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгі тағылды.

Бұл күні сондай-ақ, бірқатар ұстаз еңбегі үшін марапат төріне шықты. Қоғамдық жұмыста белсенділік танытып жүрген жастар да құралақан қалмады. Алғыс хаттар табыс етілді.  Шара аясында студенттік өмірге қадам басқан бірінші курс шәкірттеріне студенттік билет беріліп, жиылған жұрт білім қуған жастарға сәт сапар тілесті. Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.