Шымкент қаласында «Алтын сақа»  олимпиадасының 3-4 сыныптар арасында  аудандық іріктеу кезеңі  өтті. Олимпиаданың басты ерекшелігі тегін әрі тǝуелсіз. Мұнда математика пәнінен балалардың  логикасын ǝртүрлі қырынан бағалайтын бірегей тапсырмалар жүйесі ұсынылған.  

Білім сайысы елімізде  соңғы 8 жылдан бері   өткізіліп келеді. Сондай-ақ  2021-2022 оқу жылында  54 мыңнан астам  бала қатысқан.  Зерек  қатысушылардың бірі 4 сынып оқушысы Шыңғыс Тельман. Бұл олимпиадаға алғаш рет қатысып отыр, ұстазымен ұзақ уақыт дайындалып үздіктер қатарынан топ жарып шығатынына сенімді.  

Бұл  олимпиаданың берер мүмкіндігі мол дейді мамандар яғни: баланың дарынын ерте жастан анықтап қана қоймай, олимпиадалық резерв қалыптастыра алады. Қазіргі аудандық іріктеуге 1000-ға тарта жас математиктер бақтарын сынап жатса, осы жылы Шымкент қаласы бойынша  мектепішілік кезеңге 3-6 сыныптан 20000 оқушы қатысып,   5 ауданннан  іріктеу кезеңінен  1800 жас білімгер облыстық кезеңге өткен.

Алдағы уақытта  ұйымдастырушы «Дарын» орталығы мен « Зерделі ақыл ой дамыту»  мектебі бұл  олимпиаданы халықаралық дǝрежеге жеткізуді жоспарлауда.