Отан отбасыдан басталады. Тұғырлы  мемлекет құру үшін отбасы институтын тура болу керек. Еліміздегі отбасы қатыныстарына қариялар не ой қосады?  Өзекті мәселені қоғам қайраткері Сексенбай Тұрысбеков талдап көрді.
Көптеген мәдениеттерде отбасының дәстүрлі формасы патриархалды болып табылады.    Бұл жыныстардың теңсіздігіне ықпал етеді. Ер адамдар көп күшке, билікке ие болады, ал әйел адамдарда сәйкесінше аз. Қазақ елінде жер, су тіпті кейбір ру атаулары әйел атымен аталғанын ескерсек нәзік жандылардың беделі төмен болмағандығына көз жеткізуге болады. Десекте елімізде ерді әйелден бір саты жоғары қойып,  парасаттылықпен отбасы ұйытқысына айналған аналар жетерлік.  Отбасы кез-келген мемлекеттің ұйытқысы.
Ынтымақты жанұя қалыптастыру үшін бала тәрбиесіне ерекше мән беру маңызды.  Ересектерден бөлек балалар отбасы ұғымын басқаша түсінеді. Балалар үшін ол оқитын алғашқы әлеуметтік орта, өйткені, ата-ана бала үшін үлгі болып табылады. Бала ата-анасымен бірге тұрып жатқанда, олардан бәрін үйренеді және анасы мен әкесінен сіңірген дағдылар онымен мәңгі қалады. Әке көрген оқ жонар ана көрген тон пішер –дейді қазақ. Бірақта соңғы жылдары бала тәрбиесіне әкелер аз атсалысып келеді –дейді қария.
Рас, көптеген адамдар отбасының бақытын ақшамен байланыстырады. Қаражат неғұрлым көп болса, соғұрлым отбасын құруға, оны аяғынан нық тұрғызуға сенімді болады. Ал шын мәнісінде отбасындағы береке – махаббат, өзара құрмет, түсіністік, сенім, жақындар мен жан жылулығына құрылған.