Тәрбие мен білім- егіз ұғым.  Білім ұяларында сабақ  беру кезінде баланың бойына  ұлттық құндылықтарды сіңіріп тағылымды тәрбие беру көзделген. Осы тәсіл арқылы шәкірт  бойына өмірлік  рухани   құндылықтарды сіңіреді.  Осы мақсатта Ордабасы ауданындағы «Болашақ» мектебінде облыстық ғылыми-тәжірибелік семинар ұйымдастырылды.

 Мемлекет басшысы биылғы оқу жылынан бастап республикадағы барлық мектептерге  «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын енгізді.   Осы бағдарламада көрсетілген 6 құндылық  шәкірт тәрбиесі ісінің ажырамас бөлігіне айналды.  Жаңа жобаны жылдам жүзеге асырған «Болашақ» ЖББМ ұстаздары әріптестерін шақырып білгенімен бөлісті.

 ШАРИПА ПІРІМБЕТОВА, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ «БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ» БӨЛІМ БАСШЫСЫ
  Мемлекет басшысынң алдымызға қойып отырған негізгі талабы «Келешек мектептері» Жолдауда айтылғандай Бүгінгі мектептің базасын мектепте оқып отырған оқушылардың деңгейін жоғары көтеру. Тек білім ғана емес тәрбие арқылы да балалардың деңгейін көтереміз.

Семинарда түрлі тақырыптар қозғалды. Соның ішінде жасанды интелект және жаратылыстану бағыты білім қызметкерлерін қызықтыра түсті.  «Болашақ» жалпы білім беретін мектепте пәндерге тәрбиені кіріктіріп өту қолға алынған.

ҰЛТУСЫН МҰРАТБЕК, АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ӘДІСКЕРІ
Математика физика тарих ағылшын тілі Қазақ тілі әдебиеті пәндері өткізіліп жатырОсы пәндерге тәрбиелер кіріктіріліп өтіп жатыр. Осының жолын тәсілін көрсетіп отыр. Облыстың мектептерінен келген мұғалімдер осы тәмсілдерді үйреніп отыр.

АМАНЖОЛ ҚОЙЖІГІТОВ, С.МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ЖББМ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Мектептегі тәрбие саласы бойынша жасап отқан жұмыстармен бөлістік. Шеберлік сынып өте керемет өтті деп ойлаймын. Әріпьтестер дән риза.

 Ордабасы ауданында  66 мемлекеттік  8 жекеменші мектеп бар.  Барлық білім ұяларында жаңа жоба  жүзеге асырылуды. Нәтиже де жаман емес. Рухани бай шәкірттердің қатары артып келеді.